Жамбылдағы тәртіпсіздікке қатысушыларды іздеу барысында екі әскери қызметкер қаза тапты – ҰҚК

2022 жылғы 10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК Департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері капитан Ерзат Кинаятолданович Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Шавкат Шатликович Армидинов автокөлік апатында қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қаңтар күні Өскемен қаласында капитан Е.Карменовты соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Ш.Армидиновты Алматы облысының Үлкен Дехан ауылында жерледі.

Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты.