435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада әскери көлікті тартып алған бүлікші ұсталды

  • 80
  • UPD: 15:40, 13.01.2022

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери көлікті басып алып, тізгіндеген күдікті ұсталды.

Ол бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, сол жерде әскерилерден «КамАЗ» автокөлігін тартып алған. Қаладағы жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын көлікпен соғып, қиратып тастаған. Мұнан әрі Жергілікті полиция қызметі басқармасы ғимаратының қоршауын бұзып, бүлікшілерге жол ашуға әрекеттенген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүруде. Күдікті қамауға алынды.

Күдікті:

- Сосын мен «КамАЗ»-ды айдадым. Сол жерде білмеймін біреу оталдырып берді, астынан сол «КамАЗ»-ды астынан кіріп оталдырып берді. Сұлтан Бейбарыстың бойымен келе жатып, мешіттің бұрылысындағы камераға соқтым.

Хабар 24 телеарнасы