Талдықорғанда тәртіпсіздік пен тонауға қатысқандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдықорған қаласының Полиция департаментіне жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін 8 адамды ұстады.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер мен тонауларға қатысқан 8 күдіктіні құрықтаған. Оның 4-еуі Орталық Азия республикаларының азаматы. Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Облыстағы жедел-іздестіру іс-шараларының алғашқы нәтижелері осындай. Түркістан, Қостанай облыстарында да митингтерге қатысқан және әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы тәртіпсіздіктерге шығуға үндейтін материалдар таратқан азаматтар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.