Атырау облысында ереуілге қатысы бар деген күдікпен 497 адам ұсталды

Атырау облысында 4-6 қаңтар аралығындағы ереуілге қатысы бар деген күдікпен 497 азамат ұсталды.

Олардың жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкерлері мен әскерилерге шабуыл жасап, қорғаныс құралдарын тартып алғаны анықталды. Тергеу-тексеру кезінде күдіктілерден 2 тапанша, 10 аңшы пышағы және 896 таблетка түріндегі 236 ампула мен 150 түтікке салынған жоғары әсері бар психотропты дәрілер тәркіленді. Мұнайлы өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық күштік құрылым жұмылдырылған. Олар коменданттық сағат ережесін қатаң бақылауға алды. Тек өткен тәуліктің өзінде 137 жағдай тіркелді. Аймақта антитеррорлық операция жалғасуда. Облыс аумағында тыныштықтың тезірек орнауына мүдделі тұрғындар жедел байланыс жүйесі арқылы хабарласып жатыр.

Хамза Үмбетқалиев, облыс коменданты:

- Қарулар тәркіленді, есірткі заттар алынды. Сондай-ақ әкімшілік тәртіпті бұзғандар да қазір таңда шақырылып, соған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс, қала тұрғындарынан көптеген хабарламалар келіп түсуде. Осы төтенше жағдай жарияланғалы 300 мыңнан астам хабарлама келіп түсті.