Қостанайдағы жылу қазандығында апат болды

Қостанай қаласындағы №3 жылу қазандығында таңғы сағат 7 кезінде апат болды.

Салдарынан облыс орталығының оңтүстік бөлігіндегі бірнеше шағын аудан жылусыз қалды. 320 көп қабатты үй жылу желісінен ажыратылып, орталық қазандыққа қосылды. Мамандардың мәліметінше, таң ата қазандықтың электр желісінде толқыныс байқалып, трансформатор мен тоқты орталық басқару қалқаны тұтана бастаған. Жалын кабель бойымен тараған. Жағдайды ушықтырмас үшін қазандық бірден сөндірілген. Қазір арнайы штаб құрылып, апаттың себеп-салдары тексеріліп жатыр.

Виктор Шмыглов, Жылу энергетикалық орталығының директоры міндетін атқарушы:

- 5, 6-шағын аудандарға жылу берілді. Әрине, үйлерде бастапқыда жылымық болып, температура сосын бірте-бірте көтеріледі. Ең бастысы, өрт кезінде үлкен шығынға жол берген жоқ. Қажетті құрал-жабдықтар алынды. Далаға қосымша трансформатор орнатып, кабельдерді алмастырамыз. Бүгін кешке дейін осы шаруалармен айналысамыз.