Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдікті ұсталды

Кәсіпкерден 2,5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталып, қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкері полициядан көмек сұрап, арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 000 теңге ақшасын алып кеткен. «Одан кейін 2,5 млн теңгемен бопсалаған. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілерді анықтап ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Аталған баптың санкциясында мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.