Маңғыстау тас жолында көлік апаты болды

Оқыс оқиға салдарынан бес қабырғасы бірдей сынған бір адам қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 облыстық ПД баспасөзіне сілтеме жасап.

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысқан. Жол бойында соқтығысқан көліктің екеуі де шетелдің тіркеуінде тұрған. Соның бірі – Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ – 2115» автокөлігін басқарған 1996 жылғы жігіттің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталған. «Қазір Жылыой аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде бір адам жатыр. Ол – 48 жастағы азамат. Оның сол жақ 4,5 және 7 қабырғасы, оң жағынан 4 және 5 қабырғасы. Кеуде тұсында жарақаты бар. Ал 1987 жылғы тұрғынның сол жақ бұғанасы сынған. Ол дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.