434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыдан 861 км қашықтықта жер сілкінді

  • 51
  • UPD: 09:57, 15.01.2022
Алматыдан 861 км қашықтықта жер сілкінді inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, 15 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 01:10-да Алматыдан 861 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 861 км қашықтықта Ауғанстан аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалы класы 10.7. Магнитудасы MPV 5.0. Бағыты 37.10° с.б. 70.69° ш.е.

Тереңдігі 180 км.

Хабар 24 телеарнасы