431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстауда екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

  • 83
  • UPD: 18:18, 15.01.2022

14 қаңтарда сағат 20:30-да Ақтау-Жетібай тас жолының 46/47 шақырымында жол апаты болды. Ақтауға бағыт алған ВАЗ бен Jac автокөліктері соқтығысып, салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі, яғни «Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыруы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу ісі қолға алынды.

 

Хабар 24 телеарнасы