Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды,деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 15 қаңтарда Шымкент-Самара тас жолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында болды.

ЖКО дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді  жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді.