Жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған Семей тұрғыны ұсталды
- 156
- UPD: 18:12, 16.01.2022

Семейде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы А деген азаматты қолға түсірді.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
