Шығыс Қазақстанда көліктері сынып, жолда қалған төрт балықшы құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 балықшы көліктері сынып, Зайсан көлінің жағалауынан кері қайта алмай қалған.

Оқиға орнына №52 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары келіп жетті. Audi көлігінде отырған балықшыларға көмекке келген олар, жолда тұрып қалған «ВАЗ» көлігінің жүргізушісін де құтқарды.

«Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен төрт ер адамды жақын маңдағы елді мекеннің қонақ үйіне жеткізді. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте облыстық ТЖД мамандары тұрғындарға дауылды ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпау қажеттігін ескертті.