Ақтөбе облысында 33 адам далада қалған

Оның бесеуі бала. Абырой болғанда, оларға дер кезінде көмек көрсетілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Өңірде демалыс күндері желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, боран болатыны хабарланған. Жолдар да жабылды. Бірақ кейбір тұрғындар бұған құлақ салмаған. Сөйтіп Ырғыз ауданы Құрылыс ауылынан шыққан жеңіл көлік Самара-Шымкент тас жолына жетпей, далада қалды. Көліктегі 5 адамды «ҚазАвтоЖол» мамандары құтқарды. Ал Хромтау ауданындағы Никельтау ауылының маңында бес көлік жүре алмай қалған. Мұнда 29 адам қауіпсіз жерге жеткізілді, оның ішінде төрт бала бар.