Петропавлда төрт көлік соқтығысты

17 қаңтарда Петропавлдағы Әуезов көшесінде бес көліктің қатысуымен жол апаты болды.

Салдарынан көлік құралдары мен көшені жарықтандыру тіректері зақымдалған.

Полиция департаментіндегілер жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке соқтығысқанын мәлімдеді. Апат салдарынан төрт көлік соқтығысқан.

Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, жол апатына себепші болған жүргізуші алкогольдік өнім қабылдамаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.