Қостанай облысында жол апатынан ер адам көз жұмды

Қостанай облысында бүгін, 18 қаңтар күні сағат 10:00-де Қостанай-Мамлютка трассасының 118-шақырымында жол апаты болды. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД хабарлады.

Полиция мәліметінше, көктайғақтан Меңдіқарау ауданының жедел жәрдем көлігі мен «Нива» көлігі соқтығысқан. Салдарынан «Ниваның» 67 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Ал жедел жәрдем жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Жол апатының себеп-салдары анықталуда.