Балқаш қаласы құбырдың жарылуынан жылусыз қалды

Балқаш қаласында 38 көп қабатты үй мен 100-ге жуық жеке меншік үй жылусыз қалды.

Магистральды құбыр жарылып, қысымды азайтуға тура келген. Жұмысшылар бригадасы кешеден бері құбырдағы ақауды қалыпқа келтіріп жатыр, кешке дейін жылуды қосамыз деп отыр. Жалпы мысты қаланың жылу жүйесінде апат жиі болады. Құбырлардың 80 проценті әбден тозған. Оны жаңартуға, яғни 225 шақырым құбырды ауыстыруға 5,3 миллиард теңге қаржы керек. Былтыр қазынадан 600 миллион берілсе, биыл 456 миллион теңге бөлінген.