424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда автокөлік жылу құбырына соғылды

  • 147
  • UPD: 08:49, 20.01.2022

Шығыс Қазақстанда «Ваз» автокөлігін айдап кетіп, полицияға ұсталған ұры ертеңінде тағы бір дәл осындай техниканы ұрлап кеткен. Алғашқыда екі күдікті Алтай ауданында қолға түскен. Бірақ бұлтартпау шарасымен босатылса керек. Бірақ одан кейін де тыныш жүрмей, екінші күні-ақ Қатонқарағайдан тағы бір «Ваз» көлігін айдап кеткен.

Қарағандының Пришахтинск ауданында автокөлік жылу құбырына соғылған. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті. Соққының әсерінен құбыр жарылып, жақын маңда тұрған мектеп-интернаты жылусыз қалды. Қазір есту қабілеті нашар балалар тұратын мекемеге жылу келетін құбырдағы ақау қалпына келтіріліп жатыр. Жауапты компания өкілдері оны қиратқан көліктің мемлекеттік нөмірімен маркасын тауыпты. Енді тиісті шаралар қолданылады.

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНАН ЗАҢСЫЗ ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Заңсыз қару сақтағаны үшін Павлодар облысы, Шарбақты ауданының 4 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында олардан тегіс ұңғылы мылтық пен патрондар тәркіленді. Ауыл тұрғындарынан алынған қару түрлері баллистикалық сараптамаға жіберілді.

ҚАРУ АСЫНҒАН АДАМДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Заңсыз қару ұстау дерегі Түркістан облысында да тіркелді. Полиция қызметкерлері Шолаққорған ауылына апаратын тас жолдардың бірінде қолына қару ұстаған ер адамды тоқтатқан. Жергілікті тұрғыннан ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруы мен 8 дана оқ алынды. Дәл осындай жағдай Созақ ауданындағы Балықшы тау бөктерінде қайталанды. Онда табиғатты қорғау тобының инспекторлары қару асынған ауыл тұрғынын ұстаған. Одан ешбір құжаты жоқ 16 калибрлі аңшы қаруы және 8 дана оқ алынды. Айғақ зат ретінде алынған құжатсыз қарулар сараптамаға жіберілді.

Еркін Тәжі, Созақ аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы:

– Аталған дерек бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзшылық туралы кодексінің 482-бабы, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденіп алуы, беруі, өткізуі сақтауы, алып жүруі бойынша тіркеліп әкімшілік хаттамалар толтырылды.

КӨЛІК ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында зейнеткердің ауласынан «ВАЗ» автокөлігін айдап кеткендер қолға түсті. Көлігінен айырылған 65 жастағы Алтай ауданының тұрғыны полицияға шағымданған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде тәртіп сақшылары 30 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстайды. Қос азамат кінәларын мойындаған. Алайда, келесі күні «102» жедел арнасына Катонқарағай ауданында «ВАЗ-2107» автокөлігінің жоғалғаны туралы қоңырау келіп түскен. Танысының үйіне қонаққа келіп, көлігін үй ауласына қойған жәбірленуші де темір тұлпарынан көз жазып қалған. Полицейлер алдында бұлтартпау шарасы таңдалған 30 жастағы ер адамның басқаруымен ұрланған көлікті Өскемен-Алтай тас жолынан тапты. Екінші оқиғадан кейін қаскүнем қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖОЛАУШЫДАН ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Қызылорда облысының полицейлері бір тәулікте есірткіге қатысты екі қылмыстың бетін ашты. Жезқазғанға бара жатқан автобусты тоқтатқан тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғынын ұстады. Оның қалтасынан бірнеше грамм марихуана табылды. Ер адам есірткі затын кәдімгі шылымның қорабында сақтаған.  Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы