424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп кетті

  • 141
  • UPD: 14:27, 20.01.2022
Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп кетті Pavlodarnews.kz

Суға батқан адамның денесін екі құтқарушы алып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:44-те суға батқан адам туралы хабарлама түскен. 

18 қаңтарда Шідерті кентінде Қаныш Сәтбаев атындағы каналда, автомобиль көпірі ауданында 1983 жылы туған азамат батып кеткен.

Куәгердің айтуынша, ол балық аулау үшін мұзбен каналдың ортасына қарай бет алған. 

- Куәгер редукторын ретке келтіру үшін бұрылған, алайда сол  кезде ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Куәгер дереу 112 нөміріне қоңырау шалған, - дейді департаментте.

Оқиға орнына құтқарушылар мен ТЖБ қызметкерлері шықты.

Хабар 24 телеарнасы