Қостанай облысында көлік қаққан әйел көз жұмды

Оқиға Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болды.

20 қаңтарда түнгі уақытта «Фольксваген Пассат» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі 42 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Облыстық ПД мәліметінше, әйел адам оқиға орнында көз жұмды.