431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ипотека алуға көмектесемін». Азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды

  • 110
  • UPD: 17:22, 24.01.2022
«Ипотека алуға көмектесемін». Азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды Inform.kz

Нұр-Сұлтанда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

38 жастағы қала тұрғыны банктердегі таныстық байланыстарына сүйеніп, ипотеканы төмен пайызбен ресімдеуге көмектесуге уәде берген. Күдікті әйел өз қызметтерін таныстары арқылы ұсынатын болған. Алаяқ өткен жылы төрт азаматты алдап соққан. Жәбірленушілер салған бастапқы жарнаның сомасы 600 мың теңгеден жоғары болды. Ал алаяқ әйел өзінің сыйақысын бірден алып отырған, алайда уәдесін орындамаған. Алаяқтық жасады деген күдікті бұл әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ оның елорда аумағында осындай қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы