Жамбыл облысында екі азаматтан тіркелмеген қару анықталды

 

Жамбыл облысында екі азаматтан заңсыз қару анықталды.

Рейд кезінде Досбол ауылының 43 жастағы тұрғынан тіркелмеген 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 10 оқ-дәрі, 5 гильза және 4 қолдан жасалған пышақ табылды. Сондай-ақ 24 жастағы осы ауылдың тұрғыны да осындай аңшы мылтығын заңсыз сақтаған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Облыс полицейлері биыл қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған, ұрланған қаруларды іздеуді жалғастырып жатыр.

Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады