Елордада бойжеткен көйлек ұрлап ұсталды

Елордалық 19 жастағы қыз көйлек ұрлап ұсталды. Ол киіп көруге алған екі көйлектің бірін сырт киіміне тығып, ал екіншісін орнына іліп кеткен. Жедел - іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

СҚО-да қора өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында жер үй өртеніп кете жаздады. Тілсіз жау түнде адамдар ұйықтап жатқанда тұтанған. Өрт сөндірушілер келген кезде қора жанып жатқан. Олар оны дер кезінде сөндіріп, бәрі аман қалды. Өрт сымнан шыққан.

Павлодарда кальян шеккендер жазаланды

Павлодарда көңіл көтеру орындарында кальян шеккен адамдар әкімшілік жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері түнгі клуб, барларды тексеріп, заң бұзушылыққа жол берген 5 кәсіпкерге айыппұл салды. Мәселен, мына бір жерде көпшіліктің арасында қыздар кальян тартып отыр. Естеріңізге салайық, 2020 жылдың шілдесінен бастап оларға тыйым салынған.

Атырауда полиция қызметкерлері балконда тұрған баланы құтқарды

Атырауда полиция қызметкерлері балконда тұрған 4 жастағы баланы құтқарды. Шұғыл хабарлама бойынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары үйге есіктен кіре алмай, 3-қабаттан секірмек болған баланы өздері өрмелеп түсіріп алды. Белгілі болғандай, оның әке-шешесі қонаққа кеткен екен.