Қызылордада тәртіпсіздікті пайдаланып, ломбард тонағандар ұсталды

Қызылордада 5 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, ломбард тонаған күдіктілер ұсталды.

Олар баса көктеп кіріп, 300 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шарасын жүргізген полицейлер облыс орталығының 2 тұрғынын қолға түсірді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұрсұлтан Әлтай, ОПД тергеу басқармасының бастығы:

- Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда тергеп тексеру амалдары тіркелген.