Атырауда мектеп директорына сот үкімі шықты

Атырауда 3 жыл бойы 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырған мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақаш Бекмұхамбетов атындағы білім ошағының басшысы пайда көру мақсатында ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, қазына қаржысының негізсіз жұмсалуына жол берген. Салдарынан азаматтардың құқығы мен мектептің қалыпты жұмысы бұзылып, 6 млн теңгеден астам зиян келіпті. Қалалық №2 сотта қаралған іс бойынша жәбірленушілер мен куәлардың жауабы, сондай-ақ сараптама мен аудит қорытындысы толық дәлел болған. Сот шешімімен бұрынғы мектеп директоры мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, келтірілген шығын толық өтелген.