456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Оператор РОП-тың» басқарушы директоры өзіне қол салды

  • 187
  • UPD: 15:57, 26.01.2022

Утилизациялық алымға жауапты болған «Оператор РОП» компаниясының басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деп отыр.

Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Марқұмның бұл компанияға былтыр ғана жұмысқа келгені айтылады.    

Айта кетейік, бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы