425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

  • 107
  • UPD: 23:31, 26.01.2022
Алматыда үш қабатты ғимарат өртенді

Алматыда үш қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Төле би көшесіндегі қызыл жалын толық сөндірілді.

Бүгін кешкі сағат 19:30 шамасында жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға жайлы хабар түсті. 10 техника, 50 адамнан құралған құтқарушылар жасағы тілсіз жаумен бір сағат арпалысқан. 2 қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, жақын маңдағы өзге ғимараттарға қауіп төндірді. Жалынның қанша аумақты шарпығаны анықталып жатыр.

Мамандардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы