Алматыдан 436 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, 27 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 05:31-де жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 436 км қашықтықта, Қытай аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалы класы - 10.

Магнитудасы MPV - 4.5.

Тереңдігі - 5 км.