Ірі көлемде героин сақтаған қостанайлық ұсталды

Қостанайлық полицейлер жергілікті тұрғыннан ірі көлемде героин тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полициясы салмағы 26 грамнан астам героин сақтаған күдіктіні ұстады. 54 жастағы қостанайлық есірткіні жалдамалы пәтерде сақтап келген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кіреберіс және ас үйдегі шкафтардан ақшыл сары түсті тас тәрізді заты бар 4 полиэтилен пакетін тапты. Сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат героин болып шықты», – делінген Polisia.kz таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.