«ӨКМ операторының» экс-басшысы мен бұрынғы экология вице-министрі екі айға қамалды

Бұған дейін ұсталған "Оператор РОП"-тың бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің экс-орынбасары Ахметжан Пірім-құлов 2 айға қамауға алынды.

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты осындай шешім шығарды. Оларға үлкен көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Есте болса, экс-шенділердің ұсталғаны туралы хабар осыдан екі күн бұрын тараған. Сол күні "Оператор РОП"-тың басқарушы директоры болған Руслан Шәмшиевтің мүрдесі табылғаны белгілі болды. Полиция оның өз-өзіне қол салған болуы мүмкін екенін айтады.