Маңғыстауда суға кеткен ер адам екі күн бойы табылмай жатыр

Маңғыстау облысында екі күн бойы суға кеткен балықшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ер адам Ақтау маңындағы «Алау» демалыс аймағында жоғалған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, құтқарушыларға көмек қолын созды.

Райымбек Тұманғалеев, ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы:

– Қазіргі таңда 62 адам жеке құраммен 4 бірлік техника, 4 жүзу құралдарымен іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сонымен қоса,  еріктілерден 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен бірге ҰҚК 1 жүзу құралы жұмылдырылды.