Павлодарда жолаушыны көліктің сыртында тасымалдаған жүргізуші жазаланды (ВИДЕО)

Көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарлық пабликтердің бірінде Instagram-да автокөліктің жүксалғышына ер адам жабысып келе жатқан видео  таралды.

- Аталған видео бойынша тексеру жүргізілді. Полицейлер  30 қаңтарда Павлодарда Иса Байзақов көшесінде «ВАЗ» жүргізушісі жолаушыны көлік құралының кабинасынан тыс жерде тасымалдаған, сол арқылы ол жол жүру ережесінің 22.6.1-тармағын бұзған. Көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК айыппұл салынды.