Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған күдікті ұсталды

Ол 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны, деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған дейін де ұрлық жасағаны үшін істі болған. Мына видеода бір топ жігіттің қару-жарақ дүкенін тонау үшін оның қоршауын бұзып жатқаны анық көрінеді. Сол сәтте «ВАЗ» маркілі көлік келіп, әлгі қоршауды тартып жұлып алады. Ұсталған азамат сол көліктің тізгінінде болғанын мойындады. Тәртіп сақшылары оның өзге де қылмыстарға қатысы болуы мүмкін дейді. Алматыдағы дүрбелең кезінде 7 қару-жарақ дүкені тоналғаны мәлім болды. Қылмыскерлер бас-аяғы 1347 қаруды қолды қылған.