СҚО-да мас күйінде көлік айдаған шенеунікке қатысты шешім шықты

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Абай Балабеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметкер былтыр ішімдік ішіп, аялдамада ұйықтап қалған. Мұнымен қоса, мас күйінде көлік тізгіндегені де белгілі болды. Өткен аптада шенеуніктің ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Әдеп нормаларын бұзғаны үшін кеңес мүшелері оны жұмыстан шығару турлы, ұсыныс берген.