Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

Қазіргі уақытта Жамбыл ЖТ бөлімшесі учаскесіндегі пойыздардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді.

Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Мойынты – Сарышаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

1 ақпанда сағат 13:55-те осы учаскеде жүк пойызының 12  вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Құрамға бидай тиелген. Жолдан шығып кетуіне ресейлік вагон бүйір рамасының сынуы себеп болған. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде.