Мойынты-Сарышаған теміржолындағы апат салдары жойылып жатыр

Қос жолды учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінен мәлімдедеді.

Еске сала кетсек, кеше сағат 13:55-те Жамбыл темір жолы бөлімшесіне қарасты учаскеде, жүк пойызының бидай тиелген 12 вагоны жолдан шығып кеткені еді. Бұған вагон қабырғасының сынып кеткені себеп болған. Апат орнында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.