Алматыда заң бұзған 19 нысанның құрылысы тоқтатылды

Алматыда 19 нысанның құрылысы тоқтатылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы нысандардың бірқатарында заңбұзушылықтар анықталып отыр. Осыған байланысты шаһар әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанша 19 нысанда құрылысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Олардың қатарында «Самал-3» шағынауданы мен Достық даңғылы бойындағы Акушерлік және гинекология орталығы маңындағы жер телімдері де бар.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар осы құрылысқа қатысты наразылық білдірген еді.