Қостанайда компанияның банкроттық басқарушысы парамен ұсталды

Қостанайда компанияның банкроттық басқарушысы парамен ұсталды. Ол коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан  борышкерлердің тізіміне енгізгені үшін 100 млн теңге талап еткен. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жемқор басшыны облыстық қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті анықтады. Күдікті серіктестік жетекшілерінен алдын-ала келісілген сомманың жартысын, яғни 50 млн теңгені алу кезінде ұсталған.

Қазір ол Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.