Халықты 20 млн теңгеге алдап кеткен Шымкент тұрғыны ұсталды

Түркістан облысында 15 адамды алдап, 20 млн теңге алған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы арызданған. Жәбірленуші белгісіз азаматтың үйіне келіп, қайырымдылық қорынан екенін, ауыл жұртына көмектесіп жүргенін айтқан. Зейнетке шығарып беруге көмек ұсынып, ұялы телефонына бірнеше рет суретке түсірген. Арада 1 айға жуық уақыт өткенде жәбірленушіге банк қызметкерлерінен несиені төлеу туралы хабарлама келген. Шығын 1 млн теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты тіркеуге алып, ауыл тұрғындарынан жауап алу барысында дәл осылай алданған тағы 14 адамды анықтады. Жинақталған ақпарат көздері арқылы полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын банктердің бірінде жұмыс істегені белгілі болды.

Дулат Асқан, Қазығұрт аудандық ПБ тергеушісі:

- Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Жалпы көлемі 20 млн материалдық шығын келтірген.