Қазақстандағы бүлік: 1279 тұлға жәбірленуші болып танылды

Бүгінгі күнде 1300-ден астам медициналық және басқа да сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды.

Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжановтың айтуынша, олардың көбі күрделі сараптамалар, 2-3 айға дейін созылуы мүмкін.

«Бұл ең алдымен қаза болған адамдарға қатысты істі анықтап, оларды мұқият зерттеу үшін қажет. Тергеушілер оқиға болған 1500-ге жуық орынды қарап шықты. 1279 тұлға жәбірленуші болып танылды. Атқарылатын жұмыс ауқымы өте үлкен, тергеу нәтижелерін күтіп, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.

Тергеу нәтижелерінің негізінде ғана әр күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жазаның бар-жоғы туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді ол.