Орал қаласында «Ел ырысы» базары өртенді

Орал қаласында «Ел ырысы» базары өртенді
Хабар 24

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 12.45-те болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырым Датұлы көшесінде орналасқан «Ел ырысы» базарында аумағы 145 шаршы метрді қамтыған өрттен тамақ және құрылыс заттарын сататын 5 сауда бутигі жанып кетті. Сондай-ақ 7 бутиктің шатыры жанды. Тілсіз жау сағат 14.48-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 қызметкер 8 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.