Павлодарда көлік ағашқа соғылып, жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

1985 жылы туған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Toyota маркалы көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай ағашқа соғылды. Салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды.

«Жол апаты бойынша тексеріс жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды», – деді ПД өкілдері.