Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тауып, сәби мен әйел адам зардап шекті

Жол апаты 9 ақпан күні сағат 17.05-те орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласынан шыққан кезде «Тоyоtа Aristo» автомашинасының 28 жастағы жүргізушісі Павлодар – Қызылорда  автожолының 123-124 км-ге қозғалып, рөлді басқара алмай, бағанға соғылған.

-  Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 2000 жылы туған жолаушы мен 2020 жылы туған  сәби жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.