Павлодарда түрмеге тыйым салынған затты кіргізбек болған

Түрмеге тыйым салынған затты құйтырқы жолмен өткізбек болғандардың әрекеті жүзеге аспады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Павлодардағы АП-162/1 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға сәлемдеме курьер қызметі арқылы жеткізіліпті. Ол ауыр қылмысы үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Сәлемдемеден шыққан қыстық күртешені мұқият тексерген мекеме қызметкерінің қолына ұнтақ зат іліккен. Жедел тексеру тобы сырт киімнің астарын кесіп, ішінен жасыл-сұр түсті, иісі бар ұнтақты алып шықты. Айғақ зат сараптамаға жіберілді.