Ақтөбеде жүргізуші бірінші сынып оқушысын қағып кетті

Ақтөбеде жүргізуші бірінші сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында Lada-21901 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Бауырластар-2 тұрғын үй массивімен жүріп келе жатып, кедергі немесе қауіп туындаған кезде көліктің толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетуге немесе кедергіні қауіпсіз айналып өтуге шаралар қабылдамай, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2014 жылы туған жаяу жүргінші ОБКА-ның жансақтау бөліміне жатқызылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.