Павлодарда жүк тиелген көлік өртеніп кетті    

Павлодар – Нұр-Сұлтан тас жолында трикотаж өнімдері тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік Өзбекстаннан Ресей Федерациясына бет алған екен. Жол бойындағы медициналық-құтқару бекетінің мамандары екі жүргізушіні Қалқаман кентіндегі жылыту бекетіне орналастырды. Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.