Алматыда жүк тиегіш аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Алматыда кәсіпорындардың бірінің аумағында жүк тиегіш аударылып, жүргізушісі қайтыс болды.

Қайғылы оқиғаның себептері қазір анықталуда.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

«Түрксіб аудандық полиция бөлімінің аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері тергеуге кірісті. Тиісті сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.