Күдікті есірткіні аузына салып жасырмақ болды

Елордада есірткі сатып келген екі бірдей келіншек қолға түсті.

Полиция оларды тінту кезінде героинның 21 орамы табылғанын айтады. Оны әлгі әйелдердің бірі аузына салып алып жасырмақ болыпты. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Ұсталған күдіктінің бірі осыған дейін де есірткі сатумен айналысқаны үшін істі болған. Тергеу кезінде ол 4 грамм героин сатып үлгергенін айтты.