Қарағанды облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды

Қарағанды облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының электр желісінен сағатына 6 мегаватт қуат көзін алу туралы заңсыз техникалық шарт берілгенін растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

40 тонналық 4 контейнерге 1200-ге жуық арнайы жабдық орналастырылған. Олардың жалпы құны 2,5 миллиард теңге. Осы оқиғаға тікелей қатысы бар деген күдікпен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы тергеуге алынды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.