Шымкент саяжайларының бірінде өрт шығып, алты жасар қызды күйік шалды

Шымкент қаласының маңындағы Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайында тұрғын үйден өрт шықты. Баспананың 56 шаршы метрін жалын шарпып, алты жасар қыздың аяғы, беті және арқасы күйіп қалды. Анасы да зардап шеккен.

Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. Қызыл жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Мамандар үй ішінен сыйымдылығы 50 литрлік төрт газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Газ-ауа қоспасының жарылуынан үй қабырғалары құлап, шатыры опырылып түсті.