Қарағандыда жүк көлік аударылып, 2 тонна жанармай төгілді

Қарағандыда бензин тасымалдаған көлік аударылып, 2 тонна жанармай жолға төгілді.

Абырой болғанда, жүргізушісі дін аман. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумаққа көбік шашып, қызыл жалынның алдын алды. Ал жергілікті полиция қызметкерлері бензин төгілген аумақты оқшаулады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.